
Техникалық мəліметтер
87
Жазуға немесе ойнатуға арналған құрылғылар
■ SD карта
Карта пішімі:
SDXC Card - exFAT
SDHC картасы / SD картасы - FAT16 немесе FAT32
Үйлесімді карта түрі (ең үлкен көлем):
SDXC картасы (64 ГБ), SDHC картасы (32 ГБ), SD картасы (2 ГБ), miniSD картасы
(2 ГБ) (miniSD адаптерін қажет етеді)
24 мм
32 мм
2,1 мм
●
Егер miniSD картасы пайдаланылатын болса, оны адаптермен бірге енгізіңіз / алып тастаңыз.
●
Карта түрі туралы ең соңғы мəліметті келесі веб-сайттан қараңыз. (Тек ағылшын тілінде)
http://panasonic.jp/support/global/cs/tv/
●
SD стандарттарын қанағаттандыратын SD картасын пайдаланыңыз. Керісінше
жағдайда бұл теледидардың бұзылуына əкелуі мүмкін.
■ USB флэш жады (мультимедиа ойнатқышта ойнатуға арналған)
USB флеш-жады пішімі: FAT16, FAT32 немесе exFAT
●
Медиа ойнатқышта компьютермен пішімделген USB HDD дискісіне кепілдік берілмейді.
Ескертпе
●
Компьютерде жаңартылған деректер көрсетілмеуі мүмкін.
●
Теледидар деректерге кіруі барысында құрылғыны алып тастауға болмайды. Керісінше жағдайда бұл
құрылғыға немесе теледидарға зиян келтіруі мүмкін.
●
Құрылғыдағы істіктере тимеңіз.
●
Құрылғыға жоғары қысым немесе соққы əсерін тигізбеңіз.
●
Құрылғыны дұрыс бағытта енгізіңіз. Керісінше жағдайда бұл құрылғыға немесе теледидарға зиян келтіруі мүмкін.
●
Электр кедергісі, статикалық электр энергиясы немесе қате жұмыс деректерді немесе құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
●
Бүлінген немесе зақымданған деректердің немесе теледидардың құбылмалы жұмысы кедергі əкелмеуі үшін
жазылған деректердің резервтік көшірмесін жүйелі түрде сақтап отырыңыз. Panasonic компаниясы жазылған
деректердің бүлінуіне немесе зақымдануына жауап бермейді.
HDMI қосылымы
HDMI (жоғары ажыратымдылықты мультимедиалық интерфейс) сықпайтын стандартқа сəйкес келетін əлемдегі
ең алғаш толықтай сандық, тұтынушыға арналған AV интерфейсі болып табылады.
HDMI жоғары ажыратымды сандық кескіндер мен жоғары сапалы дыбысты теледидар мен жабдықты жалғау
арқылы тамашалауға мүмкіндік береді.
DVD ойнатқыш, теледидар қондырмасы немесе ойын жабдығы сияқты HDMI немесе DVI шығыс терминалы бар HDMI
үйлесімді жабдықты
∗
1
HDMI терминалына HDMI үйлесімді (толық жарақталған) кабель арқылы жалғауға болады.
Қосылым туралы қосымша ақпарат алу үшін (13, 80-бет)
■ Сəйкес HDMI мүмкіндіктері
●
Кіріс дыбыс сигналы:
2ch сызықты PCM (көрсету жиіліктері - 48 кГц, 44,1 кГц, 32 кГц)
●
Кіріс бейне сигналы:
“Көрсетуге болатын кіріс сигналы” (88-бет)
Сандық құрылғы шығыс орнатуларын сəйкестендіріңіз.
●
Кіріс компьютер сигналы:
“Көрсетуге болатын кіріс сигналы” (88-бет)
Компьютер орнатулар шығысына сəйкестендіріңіз.
●
VIERA Link (HDAVI Control 5)
[VIERA Link] (75-бет)
●
3D
●
Content Type
●
Deep Colour
●
x.v.Colour™
●
Дыбыс Қайтару Арнасы
∗
2
(HDMI2 терминалы тек қана)
■ DVI қосылымы
Егер сыртқы жабдықтың тек DVI шығысы болса, оны HDMI терминалына DVI - HDMI бейімдегіші арқылы жалғаңыз
кабель
∗
3
. DVI - HDMI адаптер кабелін пайдаланылса, аудио кабельді AV2 аудио терминалдарына жалғаңыз.
Ескертпе
●
Дыбыс орнатуларын Дыбыс Мəзіріндегі [Вход HDMI1 / 2] қызметінде іске асыруға болады. (39-бет)
●
Егер жалғанған жабдықтың арақатынасты реттеу функциясы болса, арақатынасты “16:9” параметріне бекітіңіз.
●
Бұл HDMI жалғағыштар “A түріне” жатады.
●
Бұл HDMI жалғағыштар HDCP (жоғары жиілік аумағы бар сандық мазмұнды қорғау) авторлық құқығымен
үйлесімді болып келеді.
●
Аналогтық сигналдарды қабылдау үшін ешбір сандық шығыс терминалы жоқ құрылғыны компонент немесе
бейне кіріс терминалына жалғауға болады.
●
Бұл теледидар HDMI™ технологиясын қамтиды.
∗
1: HDMI логотипі HDMI-үйлесімді жабдықта көрінеді.
∗
2:
Аудио қайтару арнасы (ARC) сандық дыбыс сигналдарын HDMI кабелімен жіберу функциясы болып табылады.
∗
3: Жергілікті сандық жабдық дүкенінен сұраңыз.
Comentarios a estos manuales