
3D суреттерін көру
31
3D көзілдірігі (міндетті емес)
●
Мұндай логотипі бар əрі Bluetooth
®
сымсыз технологиясын
қолдайтын Panasonic 3D көзілдірігін пайдаланыңыз.
“Full HD 3D Glasses™” логотипі өнімдердің Full HD 3D Glasses Initiative лицензиялаған
белсенді ысырма 3D көзілдірік технология стандарттарына сəйкес келетінін көрсетеді.
Логотиптегі RF белгісі сымсыз жүйені (Bluetooth
®
сымсыз технологиясын) жəне бірдей
белгісі бар 3D көзілдірігі мен теледидарды бірге пайдалануға болатынын білдіреді.
Ескертпе
●
3D көзілдірігін теледидардан шамамен 3,2 м қашықтықта пайдаланыңыз. Теледидардан тым алыс жерден 3D
көзілдірігі арқылы 3D суреттерін көре алмайсыз, себебі теледидардан радио толқындарды алу қиын болады.
●
Ауқымы теледидар мен 3D көзілдірігі арасындағы кедергілерге немесе қоршаған ортаға байланысты азаюы
мүмкін.
●
3D көзілдірігінің көру ауқымында жеке адамдарға байланысты айырмашылықтар болады.
●
3D көзілдірігі көру ауқымының сыртында дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
3D суреттерін көру
3D суреттерін əр түрлі жолдармен көруге болады.
(Кадрлардың алмасуы, “Гориз.совмещенный” жəне “Вертик.совмещенный” қолданылатын 3D пішімі болып
табылады.)
■ 3D-үйлесімді Blu-ray дискісін ойнату (Кадрлардың алмасуы пішімі)
●
3D-үйлесімді ойнатқышты толық сымды HDMI үйлесімді кабель арқылы қосыңыз.
●
Егер кіріс режимі автоматты түрде ауыспаса, ойнатқышқа қосылған кіріс режимін таңдаңыз. (28-бет)
●
Егер 3D-үйлесімді ойнатқышты пайдаланбасаңыз, суреттер 2D режимінде көрсетіледі.
■ 3D мүмкіндігін қолдайтын тарату
●
Осы қызметтің қол жетімділігі туралы мазмұн немесе бағдарлама берушілермен ақылдасыңыз.
■ 3D-үйлесімді Panasonic құрылғыларымен түсірілген 3D фотосуреттері мен 3D бейнелері
●
Media Player (55 - 57-бет) жəне желілік қызметтер (69-бет) опцияларында қол жетімді
■ 3D пішіміне түрлендірілген 2D суреттері
●
[2D 3D] режиміне орнату [Выбор режима 3D]. (32-бет)
Дайындықтар
3D көзілдірігін алғаш рет пайдаланғанда, алғашқы тіркелуді орындаңыз. Мəліметтер алу үшін, 3D көзілдірігі
жайлы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
1
3D көзілдірігін қосу жəне кию
●
Қосылым күйі мен батарея күйі экранның төменгі оң жағында көрсетіледі.
2
3D суреттерін көру
●
3D суретін алғаш рет көрген кезде Қауіпсіздік шаралары көрсетіледі. 3D суреттерін көруді жалғастыру
үшін [Дa] немесе [Нет] параметрін таңдаңыз.
Егер [Дa] опциясын таңдасаңыз, бұл хабар қуатты қосу/өшіру опциясы қосылғаннан кейін қайта
көрсетіледі. Бұл хабарды қайтадан көрсеткіңіз келмесе, [Нет] параметрін таңдаңыз.
●
Пайдаланып болғаннан кейін 3D көзілдірігін өшіру.
Comentarios a estos manuales