
Медиа ойнатқышты пайдалану
53
Медиа ойнатқышты пайдалану
Медиа ойнатқыш SD картасы мен USB жадында жазылған фотосуреттерді, бейнені немесе музыканы
пайдалануға мүмкіндік береді.
VIERA IMAGE VIEWER — жай ғана SD картасы ұяшығына енгізу арқылы теледидар экранында SD картасында
жазылған фотолар мен бейнелерді оңай көруге арналған функция.
Фото режимі:
Сандық камералар түсірген фотолар көрсетіледі.
Бейне режимі:
Сандық бейнекамералар жазған бейнефильмдер ойнатылады.
Музыка режимі:
Сандық
музыка деректері ойнатылады.
●
Жұмыс істегенде, дыбыс сигналы AV1, DIGITAL AUDIO OUT жəне HDMI2 (ARC функциясы) терминалдарынан
шығады. Бірақ бейне сигналдары шықпайды. Егер [Выход AV1] терминалы “Меню установок” мəзіріндегі
[Mонитор] ішіне орнатылса, AV1 терминалы аудио сигналын шығарады (40-бет). ARC функциясы бар HDMI2
терминалын пайдалану үшін ARC функциясы бар күшейткішті қосыңыз (73-бет) жəне театр динамиктерін
пайдалануды орнатыңыз (79-бет).
●
[Дата] жазу құралының жазбаны жасаған күнін көрсетеді. Жазылған күні көрсетілмеген файл “**/**/****” түрінде
беріледі.
●
Пайдаланылатын жазу құрылғысына байланысты сурет теледидарда дұрыс көрсетілмеуі мүмкін.
●
Көптеген файлдар мен қалталар болған жағдайда көрсету біраз уақыт алуы мүмкін.
●
Ішінара бүлінген файлдар төмен ажыратымдылықпен көрсетілуі мүмкін.
●
Сурет параметрі жағдайларға байланысты жұмыс істемеуі мүмкін.
●
Қалта атауы менен файл атаулары пайдаланылған сандық камера немесе сандық бейнекамера арқылы əр
түрлі болуы мүмкін.
■ SD картасын / USB флэш жадын салу немесе алып тастау
USB флэш жады
●
Тіке жəне толығымен енгізіңіз немесе алып тастаңыз.
●
USB флэш жадын USB 1 немесе 2 портына жалғаңыз.
SD карта
SD картасын жапсырма бетін алға қаратып
мұқият салыңыз.
Ойық
Сырт еткенше итеріңіз.
Алып тастау үшін оны тағы итеріңіз.
●
Қосқан кезде терминалдар түрі дұрыс екенін тексеріңіз.
●
Құрылғылар туралы ақпарат үшін “Жазуға немесе ойнатуға арналған құрылғылар” (87-бет)
●
Қолдау көрсетілетін файл пішімі үшін
“Медиа ойнатқышында жəне мультимедиа серверлерде қолдау көрсетілетін файл пішімі” (84, 85-бет)
Comentarios a estos manuales