
Желілік қызметтерді пайдалану (DLNA / VIERA Connect)
74
Желілік қызметтерді пайдалану
(DLNA / VIERA Connect)
DLNA
®
Бұл теледидар DLNA Certified™ өнімі болып табылады.
DLNA (Үйге арналған сандық желіер бірлестігі) — DLNA сертификатын алған сандық электрондық құрылғыларды
үй желісінде оңай əрі қолайлы пайдалану мүмкіндігін беретін стандарт. Қосымша ақпарат алу үшін www.dlna.org
торабын қараңыз.
Ол үй желісіне қосылған DLNA сертификаты бар медиа серверінде (мысалы, Windows 7 жүйесі орнатылған
компьютер, т.б.) сақталған фотосуреттерді, бейнелерді (3D суреттерін қоса
алғанда) жəне музыканы ортақ
пайдалануға жəне мазмұндарды теледидар экранында көруге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, ол теледидарды үй желісіне қосылған DLNA сертификаты бар құрылғы арқылы басқаруға мүмкіндік
береді. (DLNA қашықтан басқару)
•
Қолдау көрсетілетін файл форматы үшін (97, 98-бет)
•
Бұл теледидардың DLNA функциялары AVCHD жəне DivX файлдарын қолдамайды, бірақ оларды медиа
ойнатқыш арқылы ойнатуға болады (63-бет).
■ Медиа сервер
Фотоларды, бейнелерді немесе музыканы DLNA Certified медиа серверге сақтаңыз, содан кейін оларды
теледидардан көруіңізге болады.
Компьютерді медиа сервер ретінде пайдалану
Windows 7 жүйесі бар компьютерді дайындаңыз немесе сервер бағдарламалық құралының компьютерге
орнатылуын қамтамасыз етіңіз.
“Windows 7” жəне “TwonkyMedia server 6 (Windows 7, Windows Vista немесе Windows XP жүйесі бар
компьютерге орнатылған)” осы теледидармен үйлесімділігі тексерілген серверлік бағдарламалық құрал
болып табылады (қаңтар, 2011 жыл). Бұл теледидармен басқа ешқандай серверлік бағдарламалық құрал
тексерілген жоқ, сондықтан үйлесімдік пен өнімділікке кепілдік берілмейді.
•
Windows 7
Windows 7 жүйесінің үй тобы параметрлеріне арналған орнату қажет. Толық мəлімет алу үшін Windows 7
жүйесінің көмек функциясын қараңыз.
•
TwonkyMedia сервері
“TwonkyMedia server” PacketVideo корпорациясының өнімі болып табылады.
“TwonkyMedia server” өнімін орнатуға жəне реттеуге арналған Орнату нұсқаулығын алу үшін TwonkyMedia
веб-сайтына кіріңіз.
Серверлік бағдарламалық құрал алу үшін қосымша ақы алынуы мүмкін.
Ескертпе
•
Серверлік бағдарламалық құрал туралы толық ақпарат алу үшін бағдарламалық құрал компаниясына
хабарласыңыз.
•
Медиа серверге арналған серверлік бағдарламалық құралы компьютерге орнатылған кезде деректерге
басқа адамдардың кіруі қаупі болады. Маршрутизатор пайдаланбаған кезде кеңседегі, қонақүйдегі, тіпті
үйдегі желі ортасына қатысты параметрлер мен қосылымдарға мұқият болыңыз.
■ DLNA қашықтан басқару
Теледидарды DLNA сертификаты бар құрылғы арқылы басқаруға болады.
•
Бұл функцияны пайдалану үшін [Настройка соединения] параметрін орнатыңыз. ( 76-бет)
•
”Windows 7” осы теледидармен үйлесімділігі тексерілген операциялық жүйе болып табылады (қаңтар, 2011
жыл). Толық мəлімет алу үшін Windows 7 жүйесінің көмек функцияларын қараңыз.
Желілік қосылым
“1-мысал” немесе “2-мысал”, “Желілік қосылымдар” (75-бет)
Желіні орнату
(76 - 80-бет)
DLNA əрекеттері
(81 - 84-бет)
VIERA Connect
VIERA Connect – Panasonic компаниясына бірегей болатын интернет қызметтеріне арналған шлюз жəне онда
кеңейтілген VIERA CAST мүмкіндіктері бар.
VIERA Connect Panasonic компаниясы қолдайтын кейбір арнайы веб-сайттарға кіруге жəне VIERA Connect бастапқы
экранынан фотолар, бейнелер, ойындар сияқты интернеттік мазмұндарды тамашалауға мүмкіндік береді.
•
Бұл теледидарда толық шолғыш функциясы жоқ жəне веб-тораптардың барлық мүмкіндіктері қол жетімді болмауы мүмкін.
Желілік қосылым “1-мысал” немесе “3-мысал”, “Желілік қосылымдар” (75-бет)
Желіні орнату
(76 - 80-бет)
VIERA Connect операциялары
(17, 84-бет)
Comentarios a estos manuales