
3D суреттерін көру
29
3D көзілдірігін қолдану
•
3D көзілдірігін балалар қолданған кезде мұқият бақылаңыз.
3D көзілдірігін жасы 5 - 6 жастан төмен балалар пайдаланбағаны жөн. 3D көзілдірігін пайдаланғанда
барлық балалардың қауіпсіздігін жəне денсаулығын қамтамасыз ету үшін оларды ата-аналары немесе
қамқоршылары толық қадағалауы тиіс.
•
3D көзілдірігін қолданудан бұрын, байқаусыз зақымдану немесе жарақаттануды болдырмау үшін
пайдаланушының айналасында сынған заттар жоқ екенін тексеріңіз.
•
Құлап қалуды немесе жарақаттануды болдырмау үшін қозғалудан бұрын 3D көзілдірігін шешіңіз.
•
Пайдаланбаған кезде 3D көзілдірігін əрқашан берілген қорабында сақтаңыз.
•
3D көзілдірігін тек белгілі бір мақсатта ғана қолданыңыз.
•
3D көзілдірігін жоғары температуралы шарттарда қолданбаңыз.
•
Егер 3D көзілдірігі физикалық түрде зақымданған болса, қолданбаңыз.
•
Инфрақызыл сигналдар шығаратын құрылғыларды 3D көзілдірігінің қасында қолданбаңыз, ол 3D көзілдірігінің
дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болады.
•
3D көзілдірігінің қасында қатты элетромагниттік толқындар шығаратын құрылғыларды (мысалы, ұялы
телефон немесе жеке радиотаратқыш) қолданбаңыз, 3D көзілдірігінің жарамсыздығына себеп болуы мүмкін.
•
Инфрақызыл қабылдағыш бөлігіне күн жарығы жəне флуоресценттік жарық сияқты қатты жарық түсірмеңіз.
3D суреті дұрыс көрінбеуі мүмкін.
•
Егер жарамсыздық немесе ақау пайда болса, 3D көзілдірігін қолдануды дереу тоқтатыңыз.
•
Егер қызылдық, ауыру немесе мұрын не самай маңында тері тітіркенуі болса, 3D көзілдірігін қолдануды дереу тоқтатыңыз.
•
Кей жағдайларда, 3D көзілдірігіне қолданылған материалдар аллергиялық əсер беруі мүмкін.
3D көзілдірігі
3D көзілдірігінің жинағы
•
TY-EW3D2MA
•
3D көзілдірігін көруді түзету əйнектері үстінен тағуға болады.
3D көзілдірігі
•
N5ZZ00000223
3D көзілдірігінің
қорабы
Зарядтау кабелі
Ферриттік өзек
Бөлшек атаулары жəне функциялары
Инфрақызыл қабылдағыш
Теледидардан инфрақызыл сигналдарын алады.
•
3D көзілдірігі теледидардан алынған инфрақызыл сигналдар арқылы басқарылады, ол сізге 3D суреттерін
көруге мүмкіндік береді.
•
Егер көзілдірік теледидардан инфрақызыл сигналды қабылдауды тоқтатса, қуат 5 минуттан кейін
автоматты түрде ажыратылады.
Ескертпе
•
Инфрақызыл қабылдағыш бөлімін ластамаңыз немесе жапсырмалар жапсырмаңыз, т.б.
Линзалар - Сұйық кристаллды оптикалық ысырма
3D суреттерін көру үшін басқарады.
•
Сол жəне оң жақтағы сұйық кристаллды оптикалық
ысырма 3D əсеріне қол жеткізу үшін теледидар
экранындағы суреттермен уақытында баламалы түрде
ашылады жəне жабылады.
Ескертпе
•
Сұйық кристаллды оптикалық ысырманың бетін қыспаңыз
немесе сызбаңыз.
Қуат қосқышы
3D көзілдірігін қуат көзіне қосады.
3D көзілдірігі қуат қосқышын “ON” күйіне орнату арқылы қосылады.
3D көзілдірігін өшіру үшін қуат қосқышын “OFF” күйіне орнатыңыз.
Индикатор шамы
Қайта зарядталатын батареяның күйін көрсету үшін пайдалану немесе
зарядтау кезінде жанады немесе жыпылықтайды.
Зарядтау порты
Зарядтау кабелін
қосыңыз.
Comentarios a estos manuales